Құрметті демеушілер!
«Үміт» сәби үйіне көмек көрсету – аса маңызды әрі жауапты іс. Біздің балаларымыздың өмірі енді ғана басталып, олар ерекше мейірім мен қамқорлыққа зәру. Өмірдің алғашқы кезеңдерін ата-анасының қорғауы мен сүйіспеншілігінен тыс өткізіп жатқан сәбилеріміздің болашағына қолдау көрсету – әрбір азаматтың парызы деп білеміз.
Сіздердің қолдауларыңыз балаларымыздың дұрыс тамақтануы мен денсаулығы үшін үлкен маңызға ие. Сол себепті, көмек көрсету барысында ұсынылған өнімдердің сапасына және сақталу мерзіміне ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз. Әсіресе, сәбилерге арналған азық-түлік (сүт өнімдері, шырындар, көкөністер) сапалы және баланың жас ерекшелігіне сай болуы тиіс.
Біздің сәбилерге көрсеткен әрбір қамқорлық пен жанашырлық үшін сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз олар үшін жаңа үміттің, мейірімнің жаршысы болатынына сенеміз.
Алдын ала алғыс білдіреміз және сіздерді асыға күтеміз!
КММ мамандандырылған сәби үйі «Үміт»
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі 292А
БСН: 960240001033
Демеушілік шоты: ИИК KZ780704022530775001
Мемлекеттік мекеме: ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Бас дәрігер:Бижанова Айгүл Яковлевна
Жарғы негізінде қызмет ететін
Үй телефоны: 51-73-19
Ұялы телефоны: 8708 068 2330
Индекс: 030000
e-mail: domrebenkaumit@bk.ru (қабылдау бөлімі), dr buh@bk.ru (бухгалтерия)
Төлем мақсаты: қайырымдылық көмек
Кбе 12
KH 119