Құрметті «Үміт» сәби үйінің сайтына кірушілер!
Баланы асырап алушылар баланы таңдау үрдісі және баланы асырап алу заңнамамен регламенттелгені жайлы хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 115 бабына сәйкес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негiзге ала отырып, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, балаларды орналастырудың нысандарын таңдау, сондай-ақ оларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын одан әрi бақылау жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.
Осылайша, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды Астана қаласы Білім басқармасының қамқоршы және қорғаншы органы жүргізеді.
Сонымен қатар, туғаннан 4 жасқа дейінгі мемлекет қамқорлығына мұқтаж балалар біздің мекемеге орналастырылады.
2019 жылдың 30 желтоқсанында шаққанда сәби үйінде 39 бала орналасқан, олардың 25-ы отбасы дағдарыстық жағдайға тап болғанға байланысты ата-анасының өтінімі негізінде уақытша орналастырылған.
1 бала жетім қалған, оған мемлекет қамқорлық көрсетеді.
3 балаға қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан бас тартқан, 2 балаға қатысты Ақтөбе облысы бойынша кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі негізінде ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған.
6 баланы ата-анасы емдеу-профилактикалық мекемесінде тастап кеткен себепті қамқоршы және қорғаншы органының қаулысы негізінде мемлекеттік мекемеде орналасқан, бұл балалар бойынша құқықтық мәртебесін анықтау іс-шаралары жүргізілуде.
Жалпы балалар санының 9-і мүгедек балалар және олардың дамуындағы туа біткен ақаулықтары бар.
Балалар үйінде орналастырылған балалар алғашқы есепке қойылған және Республикалық мәліметтер банкіне енгізілген, оның қалыптасуы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау бөлімі бойынша өкілетті орган – Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Бала құқықтарын қорғау комитеті белгілейді.
Осыған байланысты, асырап алуға үміткер ретінде тіркелген және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия ақпаратқа қол жеткізу процедурасын орындаған жағдайда, белгілі бір баланың медициналық түйіндемесімен танысу үшін берілген жолдамамен, порталда белгіленген қабылдау кестесіне сәйкес үміткердің келуге құқығы бар.
Қолдану барысында қиыншылықтарға тап болсаңыз, Бала құқықтарын қорғау комитетінің техникалық қолдау бөліміне, келесі телефон бойынша асырап алушы үміткер хабарласа алады: 642524; қамқоршы және қорғаншы органы 417206 . Сұрақтар туындаған жағдайда Балалар үйінің порталмен жұмыс атқарушы қызметкермен 908939 телефон номері бойынша хабарласуға болады.